Иран басшысы Трамптың ұсынысын мысқылдап, келіссөзден бас тартты

Фото: Wikimedia Commons, CC BY 4.0

Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеи Дональд Трамптың келіссөздерді қайта бастау туралы ұсынысын қабылдамай, оны мысқылмен қарсы алды. Бұл туралы ZontNews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Күш пен қорқыту арқылы жасалған мәміле – мәміле емес, бұл — қысым мен мәжбүрлеу», – деді Хаменеи.

Ол сондай-ақ Трамптың «АҚШ Иранның ядролық бағдарламасын жойды» деген мәлімдемесіне ирониямен жауап беріп, «Армандай берсін» деп кекесінмен айтты.

Тегеран мен Вашингтон бұған дейін Иранның ядролық бағдарламасына қатысты бірнеше рет жанама келіссөздер жүргізген. Алайда олар маусым айында АҚШ пен Израильдің Иран нысандарына соққы беруінен кейін тоқтады.

Бұған дейін Трамп Израиль парламентінде сөйлеген сөзінде Газадағы бітімнен кейін Тегеранмен «бейбіт келісім» жасағысы келетінін мәлімдеген.

Қыркүйек айының соңында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2015 жылғы ядролық келісімнен кейін тоқтатылған санкцияларды қайта енгізу туралы шешім қабылдады. Ұлыбритания, Франция және Германия Иранды келісім шарттарын бұзды деп айыптады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *