Израиль Қорғаныс армиясының авиациясы Йемен астанасы Санада хуситтер бақылауындағы нысандарға ірі әуе шабуылдарын жасады, деп жазады ZontNews.kz.
ЦАХАЛ дерегінше, операция кезінде хуситтердің Қорғаныс министрлігі мен Бас штабы орналасқан ғимараттар, сондай-ақ бірнеше стратегиялық нысан жойылды.
Әлеуметтік желілерде жойқын жарылыстардың бейнежазбалары тарады. Әскери ведомствоның мәліметінше, рейдке 10-нан астам жойғыш ұшақ қатысып, 15 нысанаға шамамен 30 оқ-дәрі тасталды.
ЦАХАЛ бұл соққыларды соңғы апталарда Израиль аумағына жасалған зымырандық және дрондық шабуылдарға жауап ретінде ұйымдастырғанын хабарлады.