Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын

Фото: TG/ Zelenskiy / Official

Украина президенті Владимир Зеленский Fox News-ке берген сұхбатында Ресей басшысымен Қазақстанда кездесуге әзір екенін айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оның айтуынша, Киев әріптестерімен бірге Ресейге мемлекет басшылары деңгейінде кездесуді Түркия, Катар, Сауд Арабиясы, Австрия немесе Швейцарияда өткізуді ұсынған.

«Қаласаңыздар, мысалы, Қазақстанда», – деді Зеленский.

Ол ешқандай алдын ала шартсыз үшжақты кездесуге дайын екенін жеткізді.

Кеше Нью-Йоркте Украина басшысы Қазақстан президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай күрделі жағдайда да қақтығысты бейбіт жолмен шешу үшін ізденісті жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Зеленский АҚШ президентімен де жүздесті. Кездесуден кейін Трамп Украина Еуроодақ пен НАТО қолдауымен барлық басып алынған аумақты қайтара алады деген пікір жазды. Ол мұны Украинаның Ресейге келтірген «экономикалық қиындықтарын» көрген соң айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *