Зейнетақы жинағы есебінен тіс емдеуге өтінім қабылдау тоқтатылады

Фото: Envato

15 қыркүйектен бастап тіс емдеуге арналған өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ақпарат «Отбасы банк» сайтында жарияланды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Банк мәліметінше, 15 қыркүйекке дейін түскен өтінімдер бұрынғы тәртіппен қаралады.

«Тіс емдеуге біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша өтінім қабылдаудың қайта басталатын күні туралы банк қосымша хабарлайды», – деп хабарлады «Отбасы банк».

Апта басында Қаржы мониторингі агенттігінің басшысы Жанат Элиманов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Зейнетақы қорынан жалған стоматологиялық қызмет арқылы 200 миллиард теңге заңсыз шығарылғанын баяндады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *