2026–2035 жылдарға арналған базалық сценарий бойынша, Қазақстанның Ұлттық қорының таза валюта активтері 2035 жылы 109,9 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін, деп жазады ZontNews.kz.
Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Zontnews.kz.
Министрдің айтуынша, аталған кезеңде жылдық орташа ЖІӨ өсімі 4,5% деңгейінде болжанып отыр, ал номиналды ЖІӨ 473,2 трлн теңгеге дейін артады. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2035 жылға қарай 66,8 трлн теңгеге жетеді.
«2029 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт көлемін 2 трлн теңгеге қысқарту және бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 0,4%-на дейін төмендету жоспарланып отыр. 2030 жылы дефицит нөлдік көрсеткішке жетуі тиіс», – деді министр.