Жоғары сынып оқушылары гинеколог қабылдауынан өтуі мүмкін

Фото: Pexels

Қазақстанда жоғары сыныптағы қыздарға акушер-гинеколог қабылдауына бару мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлім етті. Оның айтуынша, министрлік мектеп жасындағы қыздарға арналған профилактикалық кеңес беруді ұйымдастыру жолдарын зерттеп жатыр.

«Қазір гинеколог қабылдауын енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Жоғары сынып оқушыларына арналған акушер-гинеколог қабылдауы енгізілуі мүмкін. Бірақ бұл мәселе аталған (Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысы босанды) оқиғамен байланысты емес, жалпы түрде қарастырылуда», — деді Сұлтанғазиев.

13 қазанда Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысының мектепте босанғаны белгілі болған. Өңірдің білім басқармасы қыздың бірнеше рет дәрігерге қаралғанын, бірақ оның жүктілігі анықталмағанын хабарлады.

Министрлік жаңа бастаманың мақсаты жасөспірімдер арасында денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру және ерте жүктіліктің алдын алу екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *