ЖИ министрлігі ұлттық өрнекпен жаңа логотипін таныстырды

Фото: gov.kz

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа логотипін таныстырды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жаңа логотипте ұлттық нақыштағы шаңырақ бейнесі бар.

«Логотип Қазақстанның жоғары технологиялық әрі тұрақты цифрлық экожүйесін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық ұстанымды білдіреді. Шеңбер – ұлттық мәдениет пен бірліктің негізі саналатын шаңырақты, сондай-ақ жаһандық ауқым мен планетаны бейнелейді. Шеңбер ішіндегі шаршы – ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымының өзегін құрайтын микрочип пен суперкомпьютерлік жүйелерді көрсетеді. Тор – цифрлық матрицаны еске салады», – деп хабарлады министрлік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *