Жаңа туған нәрестелерге перзентханадан шыққанда медициналық жинақ беріледі

Фото из открытых источников

Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге перзентханадан шығарылған кезде медициналық жинақ беріледі, деп жазады ZontNews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі «Неонаталдық көмек көрсету стандартына» өзгерістер енгізді. Енді әрбір ана сәбиімен бірге арнайы жинақ алады.

Жинақ құрамында бала күтімі жөніндегі екі тілдегі нұсқаулық, вакцинация туралы мәлімет, медициналық және суға арналған термометрлер, стерильді таңғыш пен мақта, шырыш сорғыш құрал, балалар кремі мен сабыны, антисептик, сондай-ақ ауыз арқылы қабылданатын регидратациялық тұз ерітіндісі бар.

Жинақтың берілгені туралы белгі баланың даму тарихына енгізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *