Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін қайта құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оның негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Инновациялық қызметке қатысты функциялар мен өкілеттіктер Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді. Екі ведомство да бұрынғы министрліктің міндеттері шегінде құқықтық мирасқор болып белгіленді.

Үкіметке мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлу және жарлықты іске асыруға бағытталған шараларды қабылдау тапсырылды.

Құжат 2025 жылдың 18 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

Жаңа министрлікті құру қажеттігі туралы президент 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған жыл сайынғы жолдауында мәлімдеген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *