Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс түсті, деп жазады ZontNews.kz.
Сот органдарының «Сот кабинеті» жүйесіндегі деректеріне сәйкес, іс бүгін, 28 тамызда қаралды.
Белгілі блогер Ерболат Жанәбіловтің 8,4 миллион жазылушысы бар, ал оның жұбайы Эльмира Төлегенованың аудиториясы – 7,1 миллион. Олар ақылы курсқа қатысқан пайдаланушылар арасында 11 автокөлікті ұтысқа тігіп, дауға қалды.
Қаржы мониторингі агенттігі мен Ойын бизнесін реттеу комитеті блогерлердің әрекеттерінің заңдылығын және ашықтығын тексеріп жатыр.