Екатерина Бивол қайың атасынан таяқ жеді

Фото: әлеуметтік желіден

Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина өзіне бұрынғы қайың атасы Юрий Биволдың шабуыл жасағанын айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жәбірленушінің сөзінше, оқиға оның мұрнына жасалған операциядан кейін орын алған. Юрий Бивол немересінің жаттығуларына келгенде Екатерина видеоны жазып алмақ болып, телефонды тартып алған. Видеода әйелдің айқайы мен баланың дауысы естіледі.

Екатерина Telegram-каналында «Маған мұрнымды сындырып тастады. Бұл жарақат тіркелген. Телефонограмманы жібердім, учаскелік полиция қызметкері менімен байланысады. Екі күн бұрын операция жасалғандықтан қатты абдырап тұрмын» деп жазды.

Сонымен қатар, әйел видеода бетінде қан тұрғанын, мұрын, маңдай және жақ сүйегінде соққы іздері көрінетінін көрсетті. Ол полицияға хабарлап, Юрий Биволға қарсы сотқа жүгіне алады.

Екатерина Бивол — WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі. 2023 жылы 16 жылдық некеден кейін ажырасқан, екі ұлын жалғыз тәрбиелеп, әлеуметтік желілерде белсенді. Ол бұрынғы күйеуі туралы эмоционалды посттарымен интернет қолданушыларының наразылығын туғызған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан ІІМ Екатерина Биволды іздестіру жариялаған және оған қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, Қырғызстан ІІМ әртүрлі ұлт өкілдеріне қарсы оның айтқан сөздерін тексеретінін хабарлаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *