Дәрігерлер анасы терезеден лақтырған баланың жағдайы туралы айтты

30 шілдеде Павлодарда екі баласын терезеден итеріп жіберіп, артынан өзі секірген әйелге қатысты тергеу жалғасып жатыр. Екі баланың кенжесі ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды, деп жазады ZontNews.kz.

Жеті жастағы үлкені аман қалған. Әйелдің өзі де тірі, қазір медициналық бақылауда.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері аман қалған баланың жағдайы туралы ақпарат берді. Қазір жеті жастағы бала травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жамбас сүйегі сынған, ішкі ағзалары зақымданған, сондай-ақ жабық бас-ми жарақаты анықталған.

«Бала қатаң төсек режимінде. Жанында туысы тәулік бойы күтім жасауда. Жағдайы — орташа ауыр, бірақ тұрақты», — деп хабарлады аурухана дәрігерлері.

Оқиға кезінде 1,5 жастағы сәби де терезеден итерілген. Ол бас-ми жарақатын алып, бірнеше сүйегі сынған күйде жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға тырысқанымен, құтқарып қалу мүмкін болмады.

Әйелдің де жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ол политравма бөліміне ауыстырылып, отаға дайындалып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын «орташа ауыр» деп бағалап отыр.

Тергеу органдарының мәліметінше, бұл азаматша психикалық денсаулығына байланысты мамандандырылған медициналық бақылауда тұрған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *