Мәжіліс депутаты Нартай Аралбай дәстүрлі садақ ату бойынша Республикалық федерацияның президенті болып тағайындалды, деп жазады ZontNews.kz.
2023 жылдан бері ұйымды басқарған Айдос Зиядуұлы Мұқатаев қызметінен кеткен. Оның орнына 2025 жылғы 28 тамыздан бастап Нартай Аралбайұлы Сәрсенғалиев келді.
Федерация өкілдері жаңа басшының келуі спорттың дамуына тың серпін беретінін атап өтті.
«Сіздің бұл құрметті қызметке келуіңіз еліміздегі спортты жүйелі дамытуға және оны халықаралық стандарттарға сәйкес ілгерілетуге жаңа серпін береді деп сенеміз», — деп хабарлады федерация.
Нартай Аралбайұлы 1991 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Бұған дейін елдегі бірнеше телеарнада қызмет атқарған. 2023 жылдан бері мәжіліс депутаты.