Дана Абдирова Перудегі әлем чемпионатында Қазақстанға алғашқы жүлде әкелді

Фото: ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Дана Абдирова Перуде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бұл – Қазақстан құрамасының алғашқы жүлдесі.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Абдирова финалға дейін жетті. Жартылай финалда ол Бразилия өкілі Джиованна Андрадеден басым түсті.

Шешуші белдесуде жапон спортшысы Мио Шираканеге жол беріп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *