Қытайдың Гонконг қаласында жүк ұшағы қону кезінде теңізге құлады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

«Синьхуа» агенттігінің дерегінше, Біріккен Араб Әмірліктерінен келген «Боинг-747» ұшағы қонарда жолақтан шығып, теңізге түскен. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, экипаждың төрт мүшесі құтқарылған. Агенттік «ұшақ жердегі қызмет көрсету көлігімен соқтығысқан болуы мүмкін» екенін хабарлады.

Әуежайдағы ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, апат себептері анықталып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *