«Волковгеология» бұрынғы басшысы 86 млн теңге ұрлады деп сотқа тартылмақ

Фото из открытых источников

«Волковгеология» бұрынғы басқарма төрағасы Дінмұхамед Молдаши 86 миллион теңге ұрлады деген айыппен сот алдында жауап береді, деп жазады ZontNews.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, екі жыл бойы Молдаши «Казбурмаш СК» ЖШС жеткізген жалған қосалқы бөлшектерге қатысты актілерге қол қойған. Шынайы өнім жоқ болғанына қарамастан, құжаттар негізінде компанияға ақша аударылып, кейін Молдаши мен серіктестері оны өз мақсаттарына пайдаланған. Зиян толықтай өтеілген.

Басқа қатысушыларға да сот шешімі шыққан: «Казбурмаш СК» жетекшісі, «Волковгеология» директоры мен бухгалтері үштен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

«Волковгеология» – «Қазатомпромға» қарасты негізгі кәсіпорындардың бірі, уран кен орындарын барлау және бұрғылау жұмыстарымен айналысады. Молдаши компанияны 2019 жылдың мамырында басқарған, бұған дейін қаржы және құрылыс саласында жұмыс істеген, Қазақстан, АҚШ, Ресей және Швейцарияда білім алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *