Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында бұрынғы күйеуін тапсырыспен өлтіруге әрекет жасаған әйел мен оның көмекшісі сотта жауап беруде, деп жазады ZontNews.kz.
Мой город хабарлағандай, айыпталушылар – 40 жастағы Эльвира Еркебаева мен 33 жастағы Максим Кузнецов.
Тергеу деректері бойынша, Еркебаева бұрынғы күйеуінен арылу үшін киллер жалдаған. Кузнецов қылмысты ұйымдастыруға көмектескен деп айыпталады.
Мемлекеттік айыптаушы Еркебаеваға 7,5 жыл, Кузнецовқа 10 жыл жазасын сұрады. Ал қорғаушылар шын ұйымдастырушы басқа адам екенін айтып, президентке шағымдануды жоспарлап отыр.
Сот процесі өткен жылдың тамызынан бері жүргізілуде. Зардап шеккен Ербол Еркебаев өз арызынан бас тартқан.