Бірнеше күнде жол апатынан 25 адам қаза тапты: ІІМ қазақстандықтарға үн қатты

Фото: gov.kz

Cоңғы күндері Қазақстан жолдарында үш ірі жол-көлік оқиғасы болып, ондаған адамның өмірі қиылды, деп жазады ZontNews.kz.

11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобус аударылып, 10 адам көз жұмды. 14 қыркүйекте Жетісуда қарсы жолаққа шығып кеткен көлік үш автомобильмен соқтығысып, тағы 10 адам қаза тапты. Қарағанды облысындағы апаттан бес адам қайтыс болды.

ІІМ марқұмдардың туыстарына көңіл айтты. Әрбір жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Бұл тек апат емес. Бұл – ауыр адам шығыны. Біз жол қозғалысына қатысушылардың барлығына үн қатамыз: жол қателікті кешірмейді! Жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневрлер жасау, қауіпсіздік белдігін тақпау – осындай әрекеттер адам өміріне қауіп төндіреді», – деп хабарлады ведомство.

Полиция кең ауқымды тексерулер мен рейдтерге дайындалып жатыр. Ерекше назар көліктің техникалық жағдайына, қалааралық бағыттарға және жеке тасымалдаушыларға аударылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *