«Біздің таңдауымыз – бейбітшілік»: Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында мінберге шыққан ТМД елдерінің алғашқы басшысы болды. Биыл жиында 97 мемлекеттің көшбасшылары сөз сөйлейді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Президент сөзінде БҰҰ рөлін күшейту мен Қауіпсіздік Кеңесін реформалаудың маңыздылығын атап өтті. Ол «қақтығыстар мен текетірестерден гөрі келіссөздер мен өзара құрмет маңызды» екенін ерекше айтты.

Тоқаев Қазақстанның негізгі басымдықтарына цифрландыруды, жасанды интеллектіні, экономикалық өсуді және саяси реформаларды қосты. Ол 22 сәуірді Жерді көгалдандырудың халықаралық күні деп жариялауды ұсынды және тұрақты даму мақсаттарының өзектілігін жеткізді.

Мемлекет басшысының бастамалары:

▪️ Қазақстан ядролық державалардың диалогын қайта жаңғыртып, халықаралық келісімдерді нығайтуға шақырады.
▪️ Қару-жараққа шығынды көбейтудің орнына елдер бейбітшілікке инвестиция салуы тиіс. Қазақстан қарусыздану мен биологиялық қауіпсіздік бойынша алаң ұсынуға әзір.
▪️ «2024 жылы әлемдік әскери шығындар рекордтық 2,7 триллион долларға жетті. Зорлық-зомбылықтың адамзатқа жыл сайынғы шығыны 20 триллион долларға жуық», – деді Президент.
▪️ Қазақстан Украинадағы қақтығысты дипломатия жолымен шешуге шақырады.
▪️ Газа секторындағы гуманитарлық дағдарыс кезінде бейбіт тұрғындарды қорғау және көмек жеткізу маңызды. Қазақстан екі мемлекетке негізделген шешімді және БҰҰ рөлін қолдайды.
▪️ Әзербайжан мен Армения арасындағы татуласу ұзаққа созылған даулардың келіссөзбен шешілуі мүмкін екенін көрсетті.
▪️ Қазақстан Аралды қорғау ісін жалғастырып, Каспийді сақтау үшін халықаралық қауымдастықпен бірлескен шұғыл шараларға шақырады.
▪️ Елде «Әділетті Қазақстан» құру үшін реформалар жүргізіліп жатыр. Президенттің бір реттік жетіжылдық өкілеттігі енгізілді.
▪️ Жалпыхалықтық референдум арқылы Мәжілісті бір палаталы ету ұсынылуда.
▪️ Биыл экономиканың 6 пайыздан астам өсімі болжанып отыр.
▪️ Энергетикалық стратегия мұнай, газ, көмір, уран және басқа да маңызды минералдарға негізделген.
▪️ Жасанды интеллект пен цифрландыру – ұлттық басымдық. Үш жыл ішінде толық цифрландыру мен ИИ-ді барлық салаға енгізу жоспарланған.
▪️ Электрондық үкімет қызметтердің 90 пайызын қамтып отыр.

Сөзін түйіндей келе, президент Тоқаев Қазақстанның бітімгерлік және араағайындық миссиясын жалғастыра беретінін айтты:

«Біздің таңдауымыз – үстемдік емес, тепе-теңдік; текетірес емес, ынтымақтастық; соғыс емес, бейбітшілік».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *