Бишімбаеваның анасы туысын миллион долларға жуық қаржыны ұрлады деп айыптады

Фото из открытых источников

Астанада бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың туысына қатысты алаяқтық ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Прокурордың айтуынша, сотталушы Бекзат Кемелова Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекованың қолында 990 мың доллар барын білген. Ол ұлы тергеуде жүрген кезде әйелдің күйзелісін пайдаланып, ақшаны иеленген.

Тергеу дерегінше, Кемелова Нұрлыбекованы «Антикор оның артынан бақылап жүр, ақша тәркіленуі мүмкін» деп сендірген. Нұрлыбекова оған сеніп, шамамен бір миллион долларды чемоданға салып, Кемеловаға тапсырған.

Кейін Кемелова қаражатты иесіне қайтармаған және өз қажетіне жаратқан деген күдікке ілінді. Ол енді аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша айыпталып отыр.

Қорғаушылар істің мәні басқаша екенін айтты. Адвокат Игорь Вранчевтің айтуынша, «бұл іс Бишімбаевтар әулетінің кегіне байланысты».

Оның сөзінше, Кемелованың күйеуі — сот-медициналық сарапшы — Бишімбаевтарға Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сараптама қорытындысын беруден бас тартқан. Осыдан кейін Кемеловаға қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Сот тергеуі жалғасып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *