Биволдың бұрынғы жұбайына халықаралық іздеу жарияланды

Фото: Екатерина Биволдың Instagram парақшасынан

Қырғызстанда бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оны ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыптады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, іс Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша тіркелген. Бұл бап бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Тергеу нұсқасы бойынша, Бивол қырғыз, қазақ және өзге де ұлт өкілдеріне қорлау сипатындағы сөздер айтқан. 21 қазанда әлеуметтік желілерде оның бейәдеп сөздер қолданған видеосы тарады.

Айып Екатерина Биволға сырттай тағылды. Сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім шығарды, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Бішкек полициясы «оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр» деп хабарлады.

Бұған дейін ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Instagram парақшасында қазақстандықтарды қорлап, «сауатсыз және мәдениетсіз халық» деп сипаттаған болатын. Осы оқиғадан кейін Қырғызстан мен Қазақстанның Ішкі істер министрліктері тергеу бастаған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *