Бүгін Сенат депутаттары президенттің ұсынысымен Жоғарғы сот судьясы Берік Нәжімиденовті қызметінен босатты, деп жазады ZontNews.kz.
Палатаның жалпы отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов мемлекет басшысының ұсынысын оқып берді.
«Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов бұрын заңгер болып қызмет атқарған. Оны Жоғарғы сотқа тағайындау мақсаты – сот жүйесін құқықтың жекелеген салаларындағы мамандармен толықтыру. Ол қаржылық бақылау саласының маманы. 26 маусымда Президенттің жарлығымен ол Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы болып тағайындалды. Сол себепті оны Жоғары соттағы қызметінен босату ұсынылды», – деді Малахов.
Сенаторлар ұсынысты бірауыздан қолдады.
Нәжімиденовтің есімі алғаш рет 2021 жылы қоғамда кең талқыланды. Ол кезде журналистер оны «сот тәжірибесінсіз судья» деп атаған. Себебі оның мансабы түгелдей қаржылық бақылау және мемлекеттік аудит саласында өтті, ал сот жүйесінде тәжірибесі болған жоқ. Көбіне Жоғарғы сотқа жол аудандық және облыстық соттарда ұзақ тәжірибеден кейін ғана ашылады. Сол себепті бұл тағайындау баспасөздің ерекше назарын аударған еді.
2021 жылы Сенат депутаттары оны Жоғарғы сот судьясы етіп бекіткен болатын.