Бекзат Саттархановтың анасына Астанадан жаңа пәтер табысталды

Фото: IG/ @qozhaiyn

Абай облысы бокс федерациясының президенті әрі «Белес» компаниясының директоры Махат Төреәлі Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Шойбековаға Астанадан пәтер сыйлады, деп жазады ZontNews.kz.

Жаңа баспананың кілті Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен шарада табысталды. Сол жерде жазушы Бейбіт Сарыбайдың «Бекзат. Шаршы алаңнан тыс өмір» атты кітабының тұсаукесері өтті.

«Бүгін қазақ боксының тарихында өшпес із қалдырған Бекзат Саттарханов туралы жазылған кітаптың тұсауы салтанатты түрде кесілді. Бұл ерекше сәт елге еңбегі сіңген спортшыға деген зор құрметтің белгісі. Шара барысында Бекзаттың ардақты анасы Сырлыгүл апамызға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл ел ұлына деген мәңгі сағыныштың және ананың еңбегіне деген шынайы алғыстың көрінісі», – деп жазылған спорт кешенінің Instagram парақшасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *