Продюсер Баян Алагөзова Қазақстанда әйелдерге де бірнеше күйеуге шығуға заң жүзінде рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Оның бұл мәлімдемесі мәжіліс депутаты Абзал Құспанның көп әйел алуды заңдастыру жөніндегі ұсынысынан кейін айтылды.
Алагөзова депутаттың пікірін қолдамай, әйелдерге де дәл сондай құқық берілуі тиіс екенін жеткізді.
«Неге болмайды екен? Еркектерге рұқсат етіледі де, әйелдерге жоқ па? Бізде зайырлы мемлекет және заң алдында теңдік бар. Егер билік шариғат қағидаттарын ұстануды ұсынса, мұны қалай түсінеміз?», – деді ол.
Бұған дейін Абзал Құспан «екінші және үшінші әйелдерімен» тек шенеуніктер ғана емес, бай азаматтар да бірге тұрып жатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ ол қазақтың «әмеңгерлік» дәстүрін еске салған еді.
Депутаттың айтуынша, бүгінде бұл дәстүр «байлардың ермегіне» айналып, «тоқалдардың» орнын көбіне жас қыздар басып жүр.

