Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында дронға ұқсайтын заттардың сынықтары табылды. Облыстық полиция департаменті олардың шығу тегін анықтап жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
23 қазан таңертең Қызылтал ауылында қатты жарылыс естілген. Тұрғындардың айтуынша, соққының күші бірнеше үйдің шатырын жұлып кете жаздаған.
«Жерде қалған шұңқырдың тереңдігі жарылыс қуатының жоғары болғанын көрсетеді. Қазір оқиға орнында аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар қызметі және полиция өкілдері жұмыс істеп жатыр», – деп жазды «Уральская неделя».
Оқиға орнынан украин тілінде «Тимеңіз, қозғалыстағы бөлік» деген жазуы бар бөлшектер табылған. Алдын ала нұсқа бойынша, бұл — ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары. Бұған дейін де Батыс өңірінде осындай жағдайлар тіркелген.
БҚО полиция департаменті тексеру жүргізіліп жатқанын растады.
«Зат елді мекеннен тыс аумақта табылды. Барлық мән-жай уәкілетті органдармен бірлесіп анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.
Жергілікті басылымдар Орынбор облысында сол күні таңертең әуе дабылы берілгенін жазды. Ресейлік ақпарат құралдары аймақта дрон шабуылы қаупі болғанын хабарлаған.

