Балқаш тұрғындары арасында мектептерге бомба қойылды деген қауесет тарады, деп жазады ZontNews.kz.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарияланған ақпаратты полиция жоққа шығарды.
«Барлық оқу орындары тексерілді. Жарылғыш зат табылған жоқ», – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқандарды анықтап жатыр. Тұрғындарға сабыр сақтауды ескертті.
Ұқсас жағдай Павлодарда да тіркелді. Онда да мектептер мен сауда орындарына қатысты жалған хабарламалар тараған. Полиция бұл әрекеттерді арандатушылық деп бағалап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.