Балқашта «Қазақмыс» компаниясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған сегіз жасар балаға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдік тағылып отыр, деп жазады ZontNews.kz.
Тергеу мәліметіне сәйкес, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі — «Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау» бойынша тіркелген.
Бұған дейін Алмас есімді азамат сегіз жасар жиенін ұрып-соққанын мойындаған. Оның айтуынша, ол мұндай әрекетке баланың төрт жастағы қызына қатысты «анайы қылықтарынан» кейін барған.
Қоғамда бұл оқиға үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға қатысты пікір білдіріп, тергеудің әділ әрі заң шеңберінде жүруін талап етіп отыр. Құқық қорғаушылар мен адвокаттар да істің ашықтығына баса мән беріп, күдіктінің әрекеті заңға сәйкес саралануы тиіс екенін жеткізді.
Бұған дейін күдіктінің жұбайы бейнеүндеу жасап, көпшілікке жолдаған мәлімдемесінде жағдайды түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, жәбірленуші — оның туған жиені. Баланың анасы ұлын жиі демалыс кезінде апасының үйіне жіберіп отырған. Шілде айының соңында да бала сол үйде болған.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Баланың жағдайы мен оқиғаның нақты мән-жайын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалған.