АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

Фото: Видеодан кадр

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Орталық Азия елдеріне ресми сапар жоспарлап отырғанын және оның аясында Қазақстанға келуді көздейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Рубио Мемлекеттік департаментте өткен баспасөз жиынында 2026 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға іссапармен баруды жоспарлап отырғанын айтты.

«Келесі жылы осы бес елге баруды көздеп отырмын. Сапар шамамен бір аптаға немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін», – деді ол.

Оның айтуынша, экономика, нарыққа қол жеткізу және табиғи ресурстарды игеру бағыттарында АҚШ пен Орталық Азия елдерінің мүдделері сәйкес келеді. Рубио Вашингтонның екіжақты және С5+1 форматындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін атап өтті.

«Бұл үлкен мүмкіндік. Біздің ұлттық мүдделеріміз ұқсас, әсіресе экономикалық өсу мен тұрақты даму саласында», – деді Рубио.

Мемлекеттік хатшы америкалық компаниялардың Орталық Азияның табиғи ресурстарына деген қызығушылығы артып келе жатқанын да айтты.

«Егер сіздер елдеріңіздің байлығын экономиканы әртараптандыру үшін пайдаланғыңыз келсе, біз бұл үдерістің бір бөлігі болуға дайынбыз», – деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *