Ақтөбе облысында болған жол апаты салдарынан төрт адам мерт болды, деп жазады ZontNews.kz.
Қайғылы жағдай 3 тамыз күні сағат 01:30 шамасында Алға мен Ақтөбе арасындағы тас жолда тіркелген. Toyota Camry мен Toyota Highlander көліктері бір-бірімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Camry көлігіндегі төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал Camry жүргізушісі мен Highlander көлігінде болған бір жолаушы ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Оқиға бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалған.