Ақмола облысында ер адам түрмедегі тегін тамақ пен киім үшін қылмыс жасағанын мойындады

Фото: Pixabay

Ақмола облысында терроризм актісі туралы жалған хабар берген ер адам сотталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Аршалы аудандық соты жалған ақпарат таратқан азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот дерегіне сәйкес, ол 2019 және 2023 жылдары терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін екі рет сотталған. 2025 жылғы тамызда күдікті осыған ұқсас әрекетті тағы да жасаған.

Ол 112 нөміріне қоңырау шалып, Астанадағы автовокзалда жарылғыш зат қойылғанын хабарлап, елді дүрліктірген. Оқиға орнына уәкілетті қызметкерлер жіберіліп, тексеріс барысында ақпарат расталмаған.

Сотта ер адам тұрақты тұратын жері жоқ болғандықтан түрмедегі тегін тамақ пен киім үшін осындай қадамға барғанын мәлімдеді.

Сот үкімімен ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *