АЭС референдумы кезінде тәртіпсіздік ұйымдастыруға әрекет жасалғаны туралы іс сотта қаралды, деп жазады ZontNews.kz.
Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі алғашқы референдум 2024 жылғы 6 қазанда өтті. Қоғамда қолдаушылар да, қарсы пікір білдіргендер де болды. Көптеген азаматтарға айыппұл салынған, ал 29 қыркүйекте 12-ден астам белсенді полицияға жеткізілді.
Олардың арасында 56 жастағы Айдар Мубараков та болған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол және тағы төрт азамат – 66 жастағы Нұрлан Жауылбаев, 64 жастағы Фазылжан Сыдыков, 55 жастағы Нұрлан Темірғалиев және 67 жастағы Жанат Қазақбай – референдум күні тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған. Айыптауға сәйкес, олар «күш қолдану, мүлікті өртеу мен бүлдіру, қару және жарылғыш заттарды пайдалану арқылы билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетуге» ниеттенген.
Бүгінгі сот отырысында тараптардың пікірталасы өтті. Айыпталушылар атом электр станциясын салуға қарсы екенін ашық мәлімдеді, бірақ тәртіпсіздік ұйымдастыру ниетін жоққа шығарды. Прокурор әрқайсысына бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.