Бүгін таңертең, шамамен сағат 10:00-де Атыраудағы Somerset қонақ үйінде «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнайхимия директоры Мұрат Досмұратов қайтыс болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі жүрек талмасы себеп болған. Қонақ үй әкімшілігі жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер «клиникалық өлім жағдайы тіркелді» деп хабарлап, реанимациялық шараларды қолданғанымен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай-газ саласында бірқатар маңызды лауазымдарды атқарған. 2024 жылғы қарашада оған қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін айып тағылған, бірақ 2025 жылғы тамызда сот оны «кінәсіз» деп таныған.