Атырауда ҰҚК қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: gov.kz

Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) департаменті қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

32 жастағы жедел уәкілді ірі көлемде есірткі ұстағаны үшін жауапқа тарту бойынша іс ашылған. ҰҚК қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Атырау облысының полиция департаменті ҰҚК өкілін есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған.

Ведомство мәлімдегендей, «оқиға бойынша ҚР ҚК 201-бабына сәйкес прокуратура органдарымен келісу талап етіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Деректер тек тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбаса, прокурордың рұқсатымен ғана жарияланады».

Алғашында іс ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша («есірткіні заңсыз ұстау») тіркелген, кейін 4-бөлікке («ірі көлемде сақтау») ауыстырылған. Күдіктінің үйінде тінту жүргізілді. Қызметкер қатардағы жедел уәкіл болып, тек үш жыл жұмыс істеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *