Атырауда тергеу изоляторынан абайсызда басқа сотталушы босатылды

Атырау облысында тергеу изоляторында қателікке жол беріліп, қамауда қалуы тиіс сотталушы мерзімінен бұрын босатылған, деп жазады ZontNews.kz.

Оқиға құжаттарды рәсімдеу кезінде тегі ұқсас екі адамның шатасуынан туындаған. Босату туралы құжатқа мекеме басшылығының бірнеше өкілі қол қойғаннан кейін, ер адам еш кедергісіз изолятордан шыққан.

Қателік көп ұзамай анықталып, ол қайта ұсталып, изоляторға жеткізілді.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл деректі растады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі қызметкерлер заңға сәйкес жауапқа тартылады», – деді ведомство өкілдері.

Тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *