Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды

Фото: gov.kz

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп жазады ZontNews.kz.

Оның жаңа қызметке тағайындалғаны 2 қыркүйекте белгілі болды. Бұған дейін Оралов Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып жұмыс істеген.

Асхат Оралов ең алдымен мәдениет және спорт министрі ретінде танылған. Ол министрлікті 2023 жылдың 4 қаңтарынан 31 тамызына дейін басқарды. Бұл кезеңде айтарлықтай жетістіктер де, даулы жағдайлар да тіркелмеді. Министрлік ұйымдастырған Астанадағы көрмеде тәжік тауарлары қолды болған оқиға – есте қалған жалғыз жайт.

Сонымен қатар, Оралов 2021–2022 жылдары Астана әкімі Алтай Көлгіновтің орынбасары қызметін атқарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *