Астана соты блогер Аселина Батырды кондитерге 300 мың теңге төлеуге міндеттеді

Коллаж kursiv.media

Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты кондитер Нұршат Акбергенованың блогер Аселина Батырға қарсы талабын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Сот шешіміне сәйкес, Аселина Батыр Нұршат Акбергеноваға 200 мың теңге қарыз және 100 мың теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ блогер Instagram парақшасында жариялаған мәліметтерге байланысты ресми терістеме шығару керек.

«Нұршат Акбергеноваға қатысты мен таратқан алаяқтық әрекеттер мен ақша бопсалау туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді», – деп жазылған сот актісінде.

Белгілі болғандай, екі тарап арасындағы дау 2025 жылдың тамызында басталған. Нұршат Акбергенованың айтуынша, ол салмағы 18 келі болатын, бағасы 600 мың теңгелік торт әзірлеген. Алайда тапсырыс беруші тек 100 мың теңге алдын ала төлеген. Кондитердің сөзінше, қолданылған өнімдердің өз құны шамамен 440 мың теңге болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *