Ақмола облысында жеңіл жеке меншік ұшақ апатқа ұшырады. Қайғылы оқиға Астанадан шамамен 55 шақырым жерде тіркелді, деп жазады ZontNews.kz.
Ұшқыш пен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Көлік министрлігінің мәліметінше, апатқа Aerostar R40F UP-LA229 маркалы моторлы ұшақ түскен.
«Авиациялық оқиғаларды тексеру ережелеріне сәйкес комиссия құрылды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Апат болған жерге Көлік министрлігінің әуе апаттарын тергейтін департамент қызметкерлері жіберілді.
«Ұшақтың апатқа ұшырау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп мәлімдеді Ақмола облысының көлік полициясы.