Астана маңында ұшақ апаты видеосы жарияланды

Фото: әлеуметтік желі

Куәгерлер кездейсоқ түсірген видеода Астанадан 55 шақырым жерде құлаған ұшақ көрінеді, деп жазады ZontNews.kz.

Видео авторы Родина ауылына қарай келе жатып, жай ғана аспанды түсіргенін айтты. Сол сәтте құлап бара жатқан ұшақ түсірілімге түскен.

«Мен қатты қорқып кеттім», – деп жазды ол Threads парақшасында.

Апат салдарынан ұшқыш пен жолаушы қаза тапты.

Ақмола облысы көлік полициясының желілік басқармасы ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігі бойынша («Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан») сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *