Астанада Назарбаев университетінің студенті қаза тапты

Фото: nu.kz

Оқиға 15 тамыз күні болған, алайда ол туралы ақпарат бүгін ғана тарады. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, марқұм 22 жаста болған. Ол 12-қабаттан құлаған, деп жазады ZontNews.kz.

Алдын ала деректерге сәйкес, студенттің қазасына жеке өмірі себеп болғаны айтылуда. Оқиғаның оқу процесіне қатысы жоқ екені хабарланды.

«Қайғыра отырып, кампус аумағында болған қайғылы оқиға туралы хабарлаймыз. Университет марқұмның отбасына және жақындарына көңіл айтады. Біз тиісті қызметтер мен құқық қорғау органдарын жұмылдырдық. Қазір студенттерге және марқұмның туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде», — делінген университеттің ресми мәлімдемесінде.

Маусым айында да осы университеттің жатақханасында 24 жастағы студент көз жұмған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *