Астанада екінші топтағы мүгедек баланың топ болып зорлыққа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады ZontNews.kz.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, ұлы онлайн ойын арқылы белгісіз ер адаммен танысқан. Кейін ол баланы бірнеше рет үйіне шақырып, жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Әйелдің мәліметінше, алты адам баласына кезекпен зорлық көрсеткен. Оның айтуынша, бұл әрекеттер бірнеше мәрте қайталанған.

Қылмыстық іс бастапқыда Нұра аудандық полициясында тіркелген. Алайда жәбірленуші тараптың сөзінше, тергеу барысында істі жабуға тырысқан. Қазіргі уақытта іс Астана қалалық полиция департаментіне берілді.

Жәбірленуші тарап сот-медициналық сараптамалар жүргізілгенін мәлімдеді. Алайда нәтижелер дайын болғанына қарамастан, төрт айдан бері күдіктілердің ешқайсысы қамауға алынбаған. Анасы осы оқиғадан кейін жүрек талмасына ұшырағанын, ал ұлына эпилепсия диагнозы қойылғанын айтты.

Астана қалалық полиция департаментіне ресми мәлімдеме жасады.

«Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Олардың қорытындысы негізінде процестік шешім қабылданады. Барлық тергеу әрекеті қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *