Астанада InDrive платформасы арқылы қызмет көрсеткен такси жүргізушісі 19 жастағы жолаушының көзінше әдепсіз әрекет жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады ZontNews.kz.
Оқиға қала ішінде такси қызметі кезінде болған. Жолаушының айтуынша, жүргізуші артқы көрініс айнасы арқылы оған қарап, мастурбация жасаған. Қыз бұл жағдайдан шошып, әрекетті видеоға түсіріп, полицияға жүгінген.
Полицияның мәліметінше, күдікті — Шымкенттен келген, жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейтін, үйленген және балалары бар азамат. Ол өз кінәсін мойындап, соттан кешірім сұраған.
Іс 29 шілдеде әкімшілік сотта қаралды. Сот қаулысымен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, ол InDrive қызметінен шығарылды.
Құқық қорғау органдары тергеуді жалғастырып жатыр.