Астанадағы жеке клиниканың дәрігері мүгедектік рәсімдеп беремін деп алты адамнан ақша алғаны үшін сотталды, деп жазады ZontNews.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, ол әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер рәсімдеуге ешқандай құқы болмаған.
«Барлық келісімді ол тікелей жұмыс орнында жасаған. Қызметі үшін төрт миллион теңгеден астам ақша алып, оны өз қажетіне жұмсаған. Прокурорлар оның кінәсін толық дәлелдейтін айғақтар ұсынды», – деп хабарлады Бас прокуратура.
Сот оны бас бостандығынан айырып, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуді міндеттеді.