Алматыда полиция элиталық тұрғын үй кешенінен жасырын БДСМ-студия анықтады. Бұл жерде интимдік қызмет көрсетілген, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Алматы қалалық ПД дерегінше, пәтер ішінде ақылы жыныстық қызмет ұсынылған. Жезөкшелікпен айналысқан әйел әкімшілік жауапқа тартылды. Пәтердің иесі де анықталып, оған қатысты заңға сәйкес шаралар қабылданып жатыр.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев мұндай деректердің тұрақты түрде анықталып, жолы кесілетінін атап өтті.
«Біздің міндетіміз – қоғамдық тәртіпті қорғау және бұл саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу», – деді ол.
Айта кетсек, бұған дейін Астанада да жасырын БДСМ-студия табылған еді. Ол тұрғын үй кешенінің жертөлесінде орналасқаны хабарланған.