Асан Үмбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» басшысы болып тағайындалды

Фото: ҚТЖ

Асан Үмбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ол бұған дейін осы компанияда локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарған. Үмбетов әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба арқылы танылды. Онда ол қызметкерлерімен бейәдеп сөздер қолдана отырып сөйлескен.

Кейін «Қазақстан темір жолы» басшысы Талғат Алдыбергенов Үмбетовті қолдап, «ол компанияның жұмысына жаны ашығандықтан эмоцияға берілді» деді.

Оқиғадан кейін Үмбетовке қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылды. Көпшілік оны «өз ісіне жауапты әрі талапшыл басшы» деп бағалап, қолдау көрсетті.

Асан Үмбетов 1983 жылы Ақтөбе облысында туған. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Теміржол көлігі инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастаған, кейін сегіз жыл бойы Қарағанды локомотив депосын басқарған. 2022 жылдан бері «КТЖ-Жүк тасымалы» құрылымында басшылық қызметтер атқарып келеді.

«Қазақстан темір жолы» жүйесінде кадрлық ауыс-түйістер де болды. Марат Шәкенов «ҚТЖ» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалды. Дияр Нүсіпқожанов «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы, ал Александр Ширяев «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы қызметін иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *