Анасы терезеден лақтырған балаға жедел ота жасалып, бір бүйрегі алынды

Павлодарда терезеден құлаған баланың жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер шұғыл операция жасауға мәжбүр болды, деп жазады ZontNews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың сол жақ бүйрегі қатты зақымдалып, ішкі қан кету басталған. Осыған байланысты дәрігерлер бүйректі алып тастау туралы шешім қабылдаған. Отадан кейін науқастың жүрегі тоқтап қалғанымен, медицина мамандары жүрек соғысын қалпына келтіре алды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр, ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

2017 жылы туған екінші баланың жағдайы да ауыр, бірақ есін біледі және өздігінен тыныс алып жатыр.

Балалардың анасы да есін біледі. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, 30 шілдеде Павлодарда әйел бесінші қабаттағы терезеден екі баласын лақтырып, кейін өзі де секірген. Оқиға куәгері жедел жәрдем қызметіне хабар берген. Үшеуі де кіреберістің шатырынан табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел психикалық денсаулығына байланысты арнайы медициналық есепте тұрған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *