Алматыға «Реал Мадрид» келеді: жеребе қорытындысы белгілі болды

Фото: Reuters

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алматылық «Қайрат» Еуропаның бірнеше алпауыт клубымен кездеседі, деп жазады ZontNews.kz.

Солардың бірі испаниялық «Реал Мадрид». Команда Алматыға келіп, Орталық стадионда ойнайды.

Жеребе қорытындысына сәйкес, «Қайрат» мынадай қарсыластармен күш сынасады:

  • «Реал Мадрид» (Испания), Алматыда
  • «Интер» (Италия), Миланда
  • «Арсенал» (Англия), Лондонда
  • «Брюгге» (Бельгия), Алматыда
  • «Спортинг» (Португалия), Лиссабонда
  • «Олимпиакос» (Грекия), Алматыда
  • «Пафос» (Кипр), Алматыда
  • «Копенгаген» (Дания), Копенгагенде

Бірінші тур 16–18 қыркүйек аралығында өтеді. Матчтардың толық кестесі 30 тамызда жарияланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *