Алматыда 9 айда 130 млн теңгеден астам еңбекақы қарызы өтелді

Фото из открытых источников

2025 жылдың тоғыз айында Алматы қаласында жұмыс берушілер 243 қызметкердің еңбекақы бойынша 130,7 миллион теңге берешегін өтеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Осы кезеңде Еңбек инспекциясы 634 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасын бұзудың 638 дерегін анықтаған. Нәтижесінде 414 нұсқама беріліп, оның 97 пайызы орындалған. Сондай-ақ 44,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Ведомство азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, заң бұзушылықтардың алдын алу және өндірістегі жарақаттану деңгейін төмендету бағытында жұмысын жалғастырып жатыр. Ерекше назар еңбекақының уақытылы төленуіне және электрондық еңбек шарттарын енгізуге аударылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *