Алматыда Қожамжаровтың қолшоқпарларына азаптау ісі бойынша үкім оқылды

Фото из открытых источников

Алматыда бұрынғы қаржы полициясы қызметкерлері Кенжебай Жұмабеков пен Дәурен Есімбековке қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оларды алдын ала сөз байласу арқылы және бірнеше рет азаптау әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 141-1-бабы 2-бөлігінің «А» және «Б» тармақтарына сәйкес қаралды.

Сот шешімімен Жұмабеков алты жылға, Есімбеков төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, екеуіне үш жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Іс бойынша жәбірленушілердің нақты саны Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабына сәйкес жарияланбай отыр.

Бұған дейін бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бұрынғы әріптестері бірінен соң бірі тергеуге алынғаны хабарланған. Олардың арасында Ұлттық бюро экс-басшысы Талғат Татубаев пен арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы жетекшісі Олеся Кексель бар.

Қайрат Қожамжаров әзірге бостандықта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *