Алматыда Бірінші лига ойыны барысында «Хан-Тәңірі» командасының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу қайтыс болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ойын кезінде футболшы кенет есінен танып қалған. Дәрігерлер шұғыл көмек көрсеткенімен, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазақстан футбол федерациясы Диас Төлеудің қазасына байланысты көңіл айтты.
«Бұл ауыр сәтте марқұмның отбасына, жақындары мен командасына қайғыра көңіл айтамыз. Федерация Диас Төлеудің мезгілсіз өлімін терең күйзеліспен қабылдады», — деп мәлімдеді КФФ.
Оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін федерация арнайы комиссия құратынын мәлімдеді.
Диас Төлеу — алматылық «Қайрат» футбол клубының түлегі. Биылғы маусымда ол «Хан-Тенгри» сапында 25 ойын өткізіп, үш гол соққан.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 2006 жылы туған футболшы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген.
«Жедел жәрдем тобы 30 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізді. Алайда өмір белгілері қалпына келмеді, биологиялық өлім тіркелді. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді» — деп хабарлады басқарма.