Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты

Фото: Pixabay

Алмалы ауданында тротуарға ағаштың ірі бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты, деп жазады ZontNews.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм туысымен бірге кафеден шығып, кеңсеге бара жатқан. Ол жақын маңдағы компаниялардың бірінде бухгалтер болып істеген. Сол сәтте ағаш бұтағы сынып, әйелдер жанынан өткен кезде құлаған.

Жарақат алған әйел оқиға орнында жан тапсырды. Қасында болған туысы шетке қарай секіріп үлгерген.

«Екеуі бірге келе жатқан. Бірі шетке қарай қашып үлгерді, екіншісі алға қарай жүгірді. Бұтақ тура басына түсті. Артында баласы қалды, күйеуімен алты жыл отасқан. Өте жас еді», – деді марқұмның туысы.

Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Алмалы аудандық полиция басқармасының қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *